Жазалауға болмайды ақтауға-нашар аударма бизнестің түбіне қалай жетеді
Бүгінгі таңда тәуекел деңгейі жоғары көптеген салалар бір тілден екінші тілге жасалатын сапалы аудармаға сүйенеді. Денсаулық сақтау, қауіпсіздік және құқық және т.б. сияқты салаларда маңызды ақпарат негізгі идеяларды жеткілікті түрде түсіну үшін дұрыс аударылуы керек. Сәтсіз аударма Компанияға үлкен қиындықтар әкелуі мүмкін — берісі қаржылық шығындарға ұшыратса, әрісі-сот ісін ашуға әкеліп соқтырады және денсаулыққа зиян келтіреді.
Әрі қарай, сапасыз аударма бизнесті қалай жоятынын және мамандандырылмаған аудармашылардың қандай қателіктер жіберетінін қарастырамыз.
Нашар аударма бизнеске қалай зиян тигізеді?
Нашар аударманың бизнеске тигізетін барлық зиянын мынадай екі жағдаймен сипаттауға болады:
1. Бүлінген бедел. Біздің айналамызда бедел-ең шешуші нәрсе! Интернеттегі бір жаман пікір, құжаттардағы бір қате-бұл сізге және сіздің бизнесіңізге қатысты сенімсіздіктің туындауы үшін әбден жеткілікті. Аудармадағы қате, ең жақсы жағдайда, ықтимал клиенттің күлкісін тудырады, ең нашар жағдайда оның ынтымақтастықтан бас тартуына себеп болады. Нәтижесінде сіз клиентті, оны тартуға жұмсалған ақша мен уақытты жоғалтасыз,
2. Уақыт пен ақшаны ысырап ету. Құжаттардағы қате анықталғаннан кейін, жұмысты сапалы орындау үшін сіз әрине басқа бір сенімді аударма бюросына жүгінесіз. Нәтижесінде сіз қосымша уақыт жұмсап пен қосымша ақша шығындайсыз. Көңіліңізге келмесін, бірақ халық айтса қалт айтпайды-сараң қос-қостап шығындалады.
Маңызды құжаттар аудармасын кәсіби деңгейі төмен мамандарға тапсырып, тәуекелге бел буған дұрыс па, қалай ойлайсыз? Сіздің ойыңызша, серіктестің аты-жөнінде жіберілген қатенің, компанияның дұрыс жазылмаған атауының, қате жазылған байланыс деректерінің өтеуі қанша? Тіпті бір ғана үтірдің өзі біреудің өмірін қиып жіберуі әбден мүмкін! Жазалауға болмайды ақтауға-кәсіби деңгейі төмен аудармашы үтірді қай жерге қояды?
Құжаттарды аудару кезінде қандай қателіктер кездеседі?
«Нашар аударымның» арқасында ықтимал клиенттер жоғалып, тұрақты клиенттерден айрылып қаласыз, халықаралық тендерлерден ұтылып, мол ақша құрдымға кетіп, жоқ болады. Қандай қателіктер бизнеске зиян тигізеді?
1. Компания атауларының, мәміленің негізгі қатысушыларының аты-жөнінің, байланыс деректерінің дұрыс жазылмауы.
Бұл аудармашылардың да, тапсырыс берушілердің де қателігі. Тіпті ең тәжірибелі және білікті аудармашылар да адамның аты-жөнін 100% дұрыс аудара алмайды. Сондықтан бұл ақпарат аударма бюросымен мәміле жасалатын бастапқы кезеңде нақтылануы керек.
2. Қысқартуларды, терминдерді дұрыс аудармау, кәсіби стилистиканы сақтамау.
Аударма саласындағы бұл келеңсіздік Қазақстан нарығында жиі кездеседі. Клиенттер ақша үнемдеуге тырысады да, мамандандырылған аудармашылары жоқ, бірақ «әмбебап» қызметкерлер жұмыс істейтін аударма агенттігіне жүгінеді. Әмбебаптық деген әрине жақсы, бірақ ешбір адам барлық салалардың білгірі бола алмайды. Бірде бір аудармашы заңдық құжаттарды және сырқаттану тарихын бірдей сапада аудара алмайды. Мұндай үнемдеудің нәтижесінде сапа зардап шегеді және жағымсыз салдар пайда болады. Есіңізде болсын, белгілі бір саладағы саналы аудармашылар өз білімдерін жаңарту және аудармасының сапасы мен дәлдігін арттыру үшін өзекті жұмыстарды үнемі оқып, меңгереді. Ал осы сапа үшін тиісті ақы төлеу керек, бұл қалыпты жағдай!
3. Сандардағы қателіктер:
Алаңғасар аудармашының бір қимылы 5 миллиондық мәміле 500 мыңдық мәмілеге айналдырып жіберуі мүмкін. Аудармашы қате жіберді, ал сіздің компанияңыз сотта шарттың түпнұсқа данасы басымдыққа ие екенін дәлелдеп әуре боласыз. Салмақты аударма бюролары клиентке жұмысты тапсырмас бұрын әрдайым сандар мен басқа деректерді салыстырады.
4. Оқуға жарамсыздық
Бір тілдегі маркетингтік материалдар өте тиімді және әсерлі болып, нысанаға дөп тиіп жатса, екінші тілді дәл сол материал күлкіге қалдырып жатады. Кез-келген жарнамалық және басқа мәтіндерді аудару кезінде аудармашылар материал арналып дайындалатын елдің мәдениеті мен ерекшеліктерін ескеруі керек. Оны белгілі бір мақсатты аудиторияға бейімдеу керек. Қарапайым ғана мысал: біздің елде «кемпірқосақ түбінде алтын құмыра» деген мәтелді түсіне қоятын ешкім жоқ, ал «туннель түбіндегі жарық» дегенді америкалықтар түсінбесе де, өзіміз бірден түсінеміз.
5. Медициналық және фармацевтикалық материалдарды еркін аудару
Медициналық құжатты аудару кезінде жіберілетін қате адам өміріне әсер етуі мүмкін. Бұл-кәсіби деңгейі төмендеу әрбір аудармашы жұмысқа кіріспес бұрын еске алатын жайт. Егер дәрігер пациенттің не айтқанын түсінбесе, дұрыс диагноз қоюға деген үміт тез жоғалады. Аудармашылар дәрігерлерге негізделген қорытынды жасауға көмектеседі. Бұл қарапайым мысал, бірақ бұл жағдайдың барлық қиындығын айғақтайды. Медициналық препараттарға арналған нұсқаулықтарды, сырқаттану тарихын, талдамалар нәтижесін қалай-болса солай аудару қанша қайғы әкелетін ойлаудың өзі қорқынышты.
Медициналық аударма-саладағы құны ең қымбат қызмет және бұл түсінікті де. Бұл сапаның маңызы жоғары болатын, үнемдемеудің қажеті жоқ жағдайдың дәл өзі.
Мамандандырылған аудармаға қайда тапсырыс беру керек?
Бұл сұрақтың жауабы көптеген адамдар үшін қарапайым болып көрінеді, бірақ-мамандандырылған аудармашылар жұмыс істейтін маманданған аударма бюросына тапсырыс беріңіз. Әлемнің барлық тілдерінде плиткаларды қалай төсеуді және қатерлі ісікті қалай емдеуге болатынын білетін әмбебаптарға сеніп қажеті жоқ. Өз уақытыңызды бағалайсыз ба? Өз қаражатыңызды бағалайсыз ба? Ал беделіңіз толғандыра ма? Сіз аударма жасатқанда 300 теңге үнемдеу үшін миллиондаған мәміледен айрылу қатеріне дайынсыз ба?
OLS аударма бюросы арзанға жұмыс істемейді. Біз бір тәулік ішінде тар бейінді тематикада 50 беттік құжатты аударатын таңғажайып мүмкіндік ұсынбаймыз. Бірақ біз сіздің файлдарыңызбен сіздің салаңыздағы білікті аудармашы жұмыс істейтініне кепілдік береміз. Аудармадан кейін редактор сандарды және басқа деректерді бастапқы деректермен қосымша тексереді. Нәтижесінде сіз өзіңізге қажетті форматта сапалы дәл аударма аласыз.
Сіз не үшін көбірек ақы төлейтініңізді білгіңіз келе ме? Сіз құжаттардың дәлдігі үшін, қателіктердің болмауы үшін, беделіңіз үшін, сапа үшін ақы төлейсіз. Жұмысқа кіріспес бұрын біз сізге көптеген сұрақтар қоямыз, көптеген сәттерді нақтылаймыз, бірақ соңында сіз қай жағынан алсаңыз да мінсіз, уақтылы орындалған аудармаға ие боласыз.
Сізде аударма бюросымен ынтымақтастық тәжірибесі бар ма? Сіз қандай қателіктерге және олардың нәтижесінен туындаған қандай салдарларға тап болдыңыз? Тап болған жайды бізбен бөлісуге болады.
Тапсырысымды есептеу